43 террорист залалсыздандырылды

Түрік Қарулы Күштері тарапынан 13-19 шілде күндері аралығында 43 террорист залалсыздандырылды.

1016128
43 террорист залалсыздандырылды

Түрік Қарулы Күштері тарапынан 13-19 шілде күндері аралығында Шырнак, Мардин, Эрзурум, Бингөл және Ирактың солтүстігінде жүргізілген операцияларда 43 террорист залалсыздандырылды.

Операцияларда террористке тиесілі көптеген баспана, қорғаныс бекіністері, басқару штабы, қару және көліктер бомбаланды.

Сирияның Африн аймағында 19 қаңтар күні Зәйтүн бұтағы операциясы басталғаннан осы таңға дейін залалсыздандырылған террорист саны 4545 болды.

2018 жылы 18 наурыз күнінен бастап, бақылау астына алынған Афринде сонымен қатар 251 мина және 1325 қолдан жасалған жарылғыш күйретілді.



Ұқсас жаңалықтар