Түркияда төтенше жағдай режимі тоқтатылды

Түркияда төтенше жағдай режимі жергілікті уақытпен түнгі сағат 01:00-де ресми түрде аяқталды.

1015074
Түркияда төтенше жағдай режимі тоқтатылды

Түркияда төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Аталмыш режим жергілікті уақытпен түнгі сағат 01:00-де ресми түрде  аяқталды.

Фетуллахшы террор ұйымы FETÖ-нің 2016 жылы 15 шілде күні төңкеріс әрекетінен кейін Түркияда төтенше жағдай алғаш рет үш ай мерзімге 2016 жылдың 21 шілдесінде елде төңкеріс жасаудың алдын алу үшін жасалған еді. 

Төтенше жағдай режим процесі барысында тек FETÖ-мен ғана емес, PKK, ДАИШ сынды басқа террор ұйымдарына қарсы табанды түрде күрес жүргізілді.

Түркияда төтенше жағдай режимі  жеті рет үш ай мерзімге созылған еді. Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде өткізілген жиналыс нәтижесінде Төтенше жағдай режимі 2016 жылы 19 қазан, 2017 жылы 19 қаңтар,  2017 жылы сәуір, 2017 жылы 19 шілде, 2017 жылы  19 қазан,  2018 жылы 19 қаңтар және ең соң 2018 жылы 19 сәуір болып, жеті рет созылған еді.

        



Ұқсас жаңалықтар