Түркия Манбиджтің террордан толығымен тазаланбағанын мәлімдеді

Түркия әлем баспасөзінде орын алған хабарлардың шындыққа жатпағанын білдірді.

1013419
Түркия Манбиджтің террордан толығымен тазаланбағанын мәлімдеді

Түркия бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы PYD-YPG-нің Манбиджтен толығымен шыққаны жайлы жаңалықтардың шындыққа жатпағанын мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігі ақпарат көздеріне қарағанда террор топтарының аймақтан шегінуінің жалғасқаны атап көрсетілді.

PKK/PYD-YPG-нің аймақтан толығымен шыққанын жазған ағылшын хабар агенттігі Рейтер «Бұл жаңалық Түркияның ұзақ уақыттан бері жүзеге асуын күткені жаңалық» деп пайымдады.

Американ Ассошиэйтед пресс (AP) хабар агенттігі болса террористердің аймақтан толығымен шегінуімен Анкара мен Вашингтон арасында дағдарысқа жол ашқан ең маңызды мәселелердің бірінің шешімін табатынын жазды.

Түркия және АҚШ арасында бірнеше айдан бері жалғасқан келіспеушіліктің артынан өткен ай Манбидж жоспары келісімі жасалған болатын.

Осыған қарағанда террор ұйымы PKK/PYD-YPG Манбиджтен шығарылып, түрік және АҚШ әскерлері аудан мен айналасында қауіпсіздікті ортақ қамтамасыз етеді. 

PKK/PYD-YPG Манбиджтен толығымен шығарылғаны жайлы жаңалықтарды бағалаған сыртқы істер министрлігі ақпарат көздері аталмыш хабарлардың шындыққа жатпағанын атап,  кезеңнің жалғасқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар