Тағы бір феттулахшы елге жеткізілді

Түрік барлау қызметі бір феттулахшыны Украинада алып келді.

1012940
Тағы бір феттулахшы елге жеткізілді

Түрік барлау қызметі Фетуллахшы террор ұйымының 2016 жылғы төңкеріс әрекетінен кейін шетелге қашқан Юсуф Инанды Украинадан Түркияға алып келді.

Төңкеріс әрекетінен бұрын интернет сайттарын ашып, әлеуметтік желі арқылы түрлі мәліметтер таратқан Инаның Фетуллахшы террор ұйымы басшысының нұсқауымен маңызды тұлғалар мен саяси қайраткерлер жөнінде жалған хабар таратқаны анықталды.

Измир қаласында түрлі есімдермен іс атқарған Инан Измир қалалық сотының үкімімен «қарулы террор ұйымына мүше болу» айыптауымен іздеуде болатын.

Түрік барлау қызметі бейсенбі күні де екі террористті Әзірбайжан және Украинадан елге алып келген еді.



Ұқсас жаңалықтар