Түркия Израильді айыптады

Түркия Израильдің Палестина территорияларындағы үйлерді құлатуын қатал түрде айыптады.

1006865
Түркия Израильді айыптады

Түркия Израильдің Палестина территорияларындағы үйлерді құлатуын қатал түрде айыптады.

Түркия Израильдің жаулау астындағы Палестина территорияларында Эбу Неууар бедеуи араб қауымына тиесілі үйлерді құлатуын қатал түрде айыптады.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде «Израильдің жаулауындағы Палестина территорияларында Эбу Неууар бедеуи араб қауымына тиесілі үйлерді құлатуын және Хан әл-Ахмер бедеуи аймағы маңында жұмыстар бастағанын қатал айыптаймыз» деген сөздер қолданылды.

Мәлімдемеде былай делінді: «Израиль машиналары тарапынан басталған бұл жұмыстар біріккен және тәуелсіз Палестина мемлекеті перспективасына қауіп төндіруде. Израиль мемлекеті дағдарысты ушықтыратын әрекеттен аулақ тұрулары керек».


Этикеттер: #Израиль , #Палестина

Ұқсас жаңалықтар