Чавушоғлұ АҚШ-қа үн қатты

Чавушоғлұ «АҚШ Түркияға берген уәделерін орындауы керек» деді.

1002899
Чавушоғлұ АҚШ-қа үн қатты

Чавушоғлұ «АҚШ Түркияға берген уәделерін орындауы керек» деді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Америка Құрама Штаттарын Сирия тақырыбында Түркияға берген уәделерін орындап, нақтылы қадам басуға шақырды.

Чавушоғлұ жеке бір теледидар каналында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады. Чавушоғлұ АҚШ-тың Сирияның Манбидж аймағының террористтерден тазалануы тақырыбында келіскендерін, қазір болса АҚШ-тың берген уәделерді орындауы керектігін түсіндірді.

Чавушоғлұ «АҚШ-пен қарым-қатынастарымызды қалыпқа түсіру үшін жол картасын атқарамыз. АҚШ одақтас болғанын көрсетуі керек және нақтылы қадам басқаны жөн» деді.

Ирактың Синджар аймағындағы PKK террористтерді меңзеген Чавушоғлұ «Біздің мақсатымыз PKK және басқа террористтерді тазалау» деген сөздер қолданды.


Этикеттер: #АҚШ , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар