Саяси партиялардың президенттік сайлаудағы үміткерлері Ердоғанды құттықтады

Мухаррем Индже және Темел Карамоллаоғлу Ердоғанға телефон шалып, жеңісі үшін құттықтады.

999752
Саяси партиялардың президенттік сайлаудағы үміткерлері Ердоғанды құттықтады

Оппозициялық партиялардың президенттік сайлаудағы үміткерлері 24 маусым сайлауында қайтадан жеңіске жеткен Режеп Тайып Ердоғанды құттықтады.

Республикашыл халық партиясының үміткері Мухаррем Индже және Саадет партиясының төрағасы Темел Карамоллаоғлу Ердоғанға телефон шалды.

Президенттіктің твиттер ресми интернет парақшасынан жасалған екі бөлек мәлімдемеде  Республикашыл халық партиясы үміткері Мухаррем Индже және Саадет партиясы төрағасы Темел Карамоллаоғлу президент Режеп Тайып Ердоғанды 24 маусым күнгі сайлаудың қорытындысы үшін құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар