Түркиядағы сайлау Азия баспасөзінде үлкен жаңғырық жаратты

Түркиядағы сайлаудың нәтижелері Азия баспасөзінде үлкен жаңғырық жаратты.

999082
Түркиядағы сайлау Азия баспасөзінде үлкен жаңғырық жаратты

Түркияда кеше өткізілген президент және 27-ші кезекті  парламент сайлауының бейресми нәтижелері Азия баспасөзінде үлкен жаңғырық жаратты.

Қытай хабар агенттігі «Синхуа» хабарында «Маңызды сайлауды Ердоған жеңіп алды» деген тақырып қолданды. «Синхуа» хабарында президент Режеп Тайып Ердоғанның алғаш рет бірінші турда межеленген сауалнамадан тіпті көп дауыс алғанына назар аударды.

Жапония ресми хабар агенттігі «Киодо» сайлауды «Режеп Тайып Ердоған Түркиядағы президент сайлаудағы жеңісті жариялады» атты тақырыбымен беріп, президент Ердоғанның 2003 жылынан осы таңға дейін билік басында болғанына тоқталды.

Индонезия хабар агенттігі «Антара» болса «Ердоған президент сайлауында жеңіске жетті» деген хабарға орын берді. Хабарда президент Режеп Тайып Ердоғанның 52,7 пайыздық дауыспен жеңіске қол жеткізгеніне орын берді.

Тайланд «The Bangkok Post» газеті президент Режеп Тайып Ердоғанның міндетіне қайта сайланғанын жеткізген. Газеттің хабарында Түркиядағы сайлаушылардың алғаш рет әрі президент, әрі парламент үшін дауыс бергенін білдірді.

Сингапур «The Strait Times» газеті де сайлау жаңалықтарды «Ердоған қайтадан президент болып сайланды» атты тақырыбымен берген.

 


Этикеттер: #сайлау , #Қытай , #Жапония

Ұқсас жаңалықтар