Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Президент Ердоған TRT-де журналисттердің күн тәртіпке байланысты сұрақтарына жауап берді.

997866
Ердоған маңызды мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған қайтадан президент болып сайланғанда Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі мұқтаждың 20 пайызын қамтамасыз ете алатынын, сондай-ақ бүгін бұл деңгейдің 65 пайызға көтерілгенін білдірді.

Президент Ердоған TRT-де журналисттердің күн тәртіпке байланысты сұрақтарына жауап берді.

Ердоған экономика да әсіресе өсудегі 7,4 пайыз деңгейінің өте маңызды екенін түсіндіріп, Түркияның Үлкен 20 елдер тобы арасында Үндістаннан кейін 2-ші, Еуропа экономикалық ынтымақтастығы ұйымы елдері арасында 1-ші болғанын айтты.

Түркияда жұмыссыздық соңғы кезеңдердің ең төмен деңгейіне келгенін баяндаған Ердоған жастар арасындағы жұмыссыздықтың кемігенін түсіндірді.

Президент Ердоған Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның Африн аймағындағы Зәйтүн бұтағы операциясында 4600-ден астам террор ұйымы PKK/PYD/YPG террористтерінің залалсыздандырылғанын білдірді.

Ердоған Манбидж жол картасы арқылы террор ұйымдарын аймақтан тазалайтындарын атап өтті.


Этикеттер: #TRT , #экономика

Ұқсас жаңалықтар