Чавушоғлұ «YPG Манбиджтен шегінеді» деді

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ TRT-де күн түн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

997499
Чавушоғлұ «YPG Манбиджтен шегінеді» деді

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ түрік әскерлерінің Ирактың Кандил аймағына қарай мықты қадаммен ілгерілегенін, сондай-ақ мақсатының аймақты террордан құтқару екенін айтты.

Чавушоғлұ Түркия Радио Теледидар Мекемесі TRT-де күн түн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады.

Кандилде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға бағытталған операциялардың табысты түрде жалғасқанын түсіндірген Чавушоғлұ Кандил операциясының мақсатының террордан құтқару екенін білдірді.

Чавушоғлұ мәлімдемесінде Сирияның Манбидж аймағы тақырыбында Америка Құрама Штаттарымен келіскенін, сондай-ақ Манбидж аймағының террордан құтқарылатынын және әкімшіліктің жергілікті халыққа өткізіп берілетінін атап өтті. Министр Чавушоғлұ Сирияның болашағы үшін Манбиджтің маңызды екенін, сондай-ақ жол картасының атқарылуы тақырыбында ешқандай бір олқылық болмағын мәлімдеді.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ «YPG Манбиджтен шегінеді» деді.


Этикеттер: #TRT , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар