Шетелде дауыс беру мерзімі аяқталды

Шетелде 7 маусым күні басталған дауыс беру жұмыстары кеше аяқталды.

995227
Шетелде дауыс беру мерзімі аяқталды

Түркияда 24 маусым күні өтетін президенттік және депутаттық сайлау үшін шетелде және кеден қақпаларында барлығы 1 миллион 486 мың 408 сайлаушы дауыс беріп рекорд жаңартты.

Шетелде 7 маусым күні басталған дауыс беру жұмыстары аяқталды.

Шетелдегі түріктер апта соңында сандықтардың алдында ұзын кезектерде тұрды.

Германияда айт демалысы мен апта соңының ықпалымен түріктер тығыз өмір сүрген Дюссельдорф пен Кельн бас консулдығы алдында жиналды.

Елде аптаның соңында дауыс қолданған сайлаушы саны 500 мыңнан асты.

Жоғары сайлау кеңесі төрағасы Сади Гүвен шетелде және кеден қақпаларында дауыс қолданған сайлаушы санының 1 миллион 486 мың 408 екенін жариялады.

Түріктер тығыз өмір сүрген Германия, Голландия, Ұлыбритания, Швейцария, Бельгия, Австрия және Францияда дауыс беру мерзімі бүгін кешкі уақытқа дейін жалғасады.

АҚШ-та өмір сүрген 100 мың сайлаушыдан 31 мың 500-і дауыс беріп, сайлауға қатысу мөлшері 31 пайыз болып жүзеге асты.

Сайлау сандықтары Түрік әуе жолдарына тиесілі ұшақтармен Түркияға әкелінеді.

Бұл дауыстар 24 маусым күні Түркиядағы дауыс беру мерзімі аяқталған соң санаққа алынады.



Ұқсас жаңалықтар