Йылдырым АҚШ-тың шешіміне наразылық көрсетті

Йылдырым «АҚШ-тың Түркияға қару сатуды тоқтату қадамы стратегиялық ортақтық рухына қайшы» деді.

995155
Йылдырым АҚШ-тың шешіміне наразылық көрсетті

Йылдырым «АҚШ-тың Түркияға қару сатуды тоқтату қадамы стратегиялық ортақтық рухына қайшы» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым Америка Құрама Штаттарының Түркияға қару сатуды уақытша тоқтату шешімінің стратегиялық ортақтық рухына қайшы екенін айтты.

АҚШ Сенаты Қорғаныс министрлігіне 2019 жылы бөлінетін 716 миллиардтық долларлық қаржы бюджет заң жобасын қабылдады.

Жобаның Түркиямен байланысты бөлімінде болса «Анкараның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйелерін алынуының екі ел арасындағы дағдарысты ушықтырғаны» алға тартылды.

Жобада Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйелерін алынуының АҚШ пен Түркия арасындағы ортақ қару жүйелерін дамытуына болымсыз ықпал жасайтыны баяндалды және осы қадамның НАТО-дағы ортақ жұмысқа болымсыз әсері тиетіні білдірілді.

Америка Құрама Штаттарының шешімін түсіндірген премьер-министр Бинали Йылдырым «Түркия бір жерге қадалып қана қалмайды, басқа таңдауы да бар. Алдын алу шараларымызды жасаудамыз. Қорғаныс өнеркәсібінде ұлттық және жергілікті болуға көңіл бөлдік. АҚШ-тың Түркияға қару сатуды уақытша тоқтату қадамы стратегиялық ортақтық рухына қайшы» деді.


Этикеттер: #АҚШ , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар