Президент Ердоған Кандил операциясын бағалады

Президент Режеп Тайып Ердоған PKK террор ұйымының ұясы Кандил аймағында жалғасқан операциялар жайлы мәлімдеді.

993689
Президент Ердоған Кандил операциясын бағалады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирактың солтүстігіндегі Кандил аймағындағы операцияларда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның маңызды жиналыс алаңдарының жойылғанын атап айтты.

Кеше кешкі уақытта қатысқан бір телеарнаның бағдарламасында Кандилге жасалған операциямен байланысты мағлұмат берген президент алғашқы қадам ретінде 20 соғыс ұшағымен маңызды 10 нысананың жойылғанын еске салып, бұл нысаналар арасында оқ-дәрі қоймалары да бар екенін атап көрсетті.

PKK-ның басшылар кадрының жиналу алаңдарының да жермен-жексен болғанын атап көрсеткен президент Ердоған «маңызды кадрлардың залалсыздандырылғанын бағалаудамыз» деді.

«Кандилге құрлық операциясы бола ма?» деген сұраққа президент Ердоған қайтарған жауабында «Қазір Кандил мен біз болған жер өте басқаша жерлер. Білесіздер біздің солтүстік Иракта кейбір базаларымыз бар. Бұл базаларды күшейтуіміз керек. Мұны жасаған кезде де Ирак орталық үкіметімен бірге жасағымыз келеді» деді.

Синджар тақырыбына да тоқталған президент осы жердің Түркия тұрғысынан екінші Кандил екенін осы себепті маңызды екенін атап, «Сол үшін біз Синджарда мұндай бір жағдай анықтайтын болсақ, қажетті шараны қолданамыз. Осында Ұлттық барлау ұйымының аймақ тұралы тінту жұмыстары жалғасуда» деді.

Сирияның солтүстігінде де ұқсас жұмыстардың жалғасқанын атап көрсеткен президент Ердоған нақты түрде жеңілдік жасалмайтынына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар