Ердоған Суруч оқиғасына наразылық көрсетті

Ердоған «Осы оқиғаның артқы жағындағылардың кім екенін полициямыз сөзсіз түрде табады» деді.

992818
Ердоған Суруч оқиғасына наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Шанлыурфаның Суруч ауданында сайлау жұмыстарын жүргізген Әділет және даму партиясы депутаты Ибрахим Халил Йылдыз және туыстарына жасалған шабуылды қатал түрде айыптады.

Ердоған «Осы оқиғаның артқы жағындағылардың кім екенін полициямыз сөзсіз түрде табады» деді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым да Суруч шабуылына байланысты «Күдіктілердің бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі болғаны жөнінде полицияның анықтаулары бар» деді.

Премьер-министр орынбасары Бекир Боздағ болса, «Әділет партиясы террор ұйымдарына, террористтерге және бұлардың қол шоқпарларына мүмкіндік бермеді» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар