PKK-ға мүше 9 террорист залалсыздандырылды

Әуе операциясында PKK-ға мүше 9 террорист залалсыздандырылды.

990034
PKK-ға мүше 9 террорист залалсыздандырылды

Түрік Қарулы Күштері тарапынан Шырнактың Бестлер-Дерелер және Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағына бағытталған екі бөлек әуе операциясында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға мүше 9 террорист залалсыздандырылды.

Бас Штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Шырнактың Бестлер-Дерелер аймағында жалғасқан операцияларда террор ұйымы мүшесі тағы 7 террорист әуе операциясымен  өлтірілді.

Аймақтағы әуе операцияларында залалсыздандырылған террорист саны 21 болды.

Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағына 10 маусымда ұйымдастырылған әуе операциясында болса, террористтер тарапынан қолданылған бірнеше баспана, қорғаныс бекіністері, басқару штабы, қару және көліктер бомбаланды және 2 террорист өлтірілді.


Этикеттер: #операция , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар