Түркия террормен күресуде табанды

Чавушоғлұ террормен күресудегі табандылықтарын қайталады.

989095
Түркия террормен күресуде табанды

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ террормен күресудегі табандылықтарын қайталады.

Чавушоғлұ Анталия қалалық әкімшілік ұйымдастырған ауыз бекітуіне қатысты.

Чавушоғлұ бұл жерде сөз сөйлеп, Сирияның және Ирактың солтүстігінде шоғырланған бөлшектеуші террор ұйымы PKK және оның жалғасы PYD/YPG-ге бағытталған операцияларды түсіндірді.

Сириядағы қақтығыстарды доғару үшін Түркияның көп атсалысқанын баяндаған Чавушоғлұ «Шекара сыртындағы террор ұйымдарын тазалап, аймағымыздың және еліміздің қауіпсіздігі үшін еңбек сіңірдік» деді.

Манбидж аймағын террордан азат ету үшін  Америка Құрама Штаттарымен бір жол картасы жөнінде келіскенін түсіндірген Чавушоғлұ «Алла бұйырса аймақ тұрақтылыққа қауышқан соң сириялық бауырларымыз да еліне қайта бастайды» деді.


Этикеттер: #Сирия , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар