Ердоған қоршаған орта жөнінде мәлімдеме жасады

Ердоған Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай мәлімдеме жасады.

986278
Ердоған қоршаған орта жөнінде мәлімдеме жасады

Ердоған Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған жыл сайын 5 маусым күні атап өтілетін Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай мәлімдеме жасады.

Ердоған жаһандық жылыну, құрғақшылық, шөлдену, су қайнарының былғануы, орман санының қысқаруы, биологиялық алуантүрліліктің  азаюы және кейбір жан-жануарлар түрлерінің жоғалуы сынды қоршаған орта мәселелерінің барша әлемнің ортақ проблемасы екенін білдірді.

Мәлімдемесінде адам баласының болашағына қауіп төндірген қоршаған орта мәселесінің шешімінде халықаралық ынтымақтастықты меңзеген Ердоған «Жалғастыруға болатын даму саясаттарын белгілеген кезде табиғи ресурстарының қорғалуы, жоспарлы қала құрылымы, ағаш егу жұмыстарына көңіл бөлу және кез келген ластықты тазалау жобалардың жүзеге асыруы өте маңызды» деді.

Ердоған қоршаған орта мәселелері тақырыбында жүргізілген жұмыстардың қадағалаушысы болған Түркияның халықаралық келісім аясындағы жауапкершіліктермен экономика, қала құрылымы, энергия және тіпті көптеген салада қоршаған ортаның қорғалуы жөніндегі саясаттар жүргізгенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар