Ішкі істер министрі Анадолы агенттігіне сұхбат берді

Министр Сүлейман Сойлу Ирактың солтүстігіндегі террор ұяларына бағытталатын ауқымды бір операцияның белгісін берді.

985461
Ішкі істер министрі Анадолы агенттігіне сұхбат берді

Сойлу Түрік қарулы күштерінің Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның ұялаған Хакурк желісінде көптеген жерді бақылауға алғанын атап айтты. Сойлу Анадолы агенттігіне (AA) күн тәртібін бағалады. Министр террормен күрестің үздіксіз жалғасқанын атап айтты.

Ирактың солтүстігінде жалғасқан террормен күресте үлкен жетістіктерге қол жеткізілгенін атап айтқан Сойлу «Кандил біз үшін бұрынғыдай алыс бір нысана емес. Солтүстік Ирак аймағында Хакурк желісінде көптеген маңызды аймақты бақылауға алдық» деді.

Сойлу Кандилге бағытталған ауқымды бір операция жоспары тақырыбында болса, мұның бір операция мәселесі емес, дұрыс уақытты күту мәселесі екенін атап көрсетті.

Ирактың Кандил аймағы террор ұйымының басшылары қоныстанған жер ретінде, белгілі.



Ұқсас жаңалықтар