Президент Ердоған өкілетті елшілермен ауызашарда бас қосты

Президент Режеп Тайып Ердоған кейбір елдердің террормен күресте қос стандартты тастау керектігін атап көрсетті.

976137
Президент Ердоған өкілетті елшілермен ауызашарда бас қосты

Президент Ердоған партиясының бас ғимаратында ұйымдастырылған Өкілетті елшілердің ауызашар бағдарламасына қатысты.

Өкілетті елшілерге үн қатқан президент Ердоған «Бөлшектеуші террор ұйымы PKK және оның Сириядағы тармағы PYD/YPG, ДАИШ, Әл-Каида және ең маңыздысы жаңа нәсіл гибрид бір террор ұйымы болған Фетуллахшы террор ұйымымен (FETÖ) тұрақтылықпен күресіміз жалғасуда. Бірақ халықаралық салада террор тақырыбында қос стандарттың қазір де жалғасқанын өкінішке орай айтуға тиістімін» деді.

Ердоған ДАИШ-ке қарсы дауыс көтергендердің PKK мен оның тармақтары және FETÖ күн тәртіпке келген кезде үнсіз қарап отырғанын атап, «Тіпті PYD/YPG тақырыбында ұстанымдар ұйымның одан көп зұлымдығы мен қысымы жасауы үшін қолдау мәлімдемелері жасайды. Дегенмен PKK-ның символдары жылдардан бері Еуропаның аймақтарында еркін қолданылуда. Террорист басының фотосуреттері де сондай. Ұйым қысым және қорқытумен ақша жинауда. Мүшелері бас қалалардың орталық алаңдарында террор пропагандасын еркін түрде ұйымдастыруда. FETÖ үшін де жағдай бірдей» деді.

Еуропаның көптеген елінің жазықсыздардың қанын төккен қанішерлер үшін әділеттен қашып құтылатынын сенімді бір портқа айналғанын айтқан Ердоған «Террор ұйымдары алдында қос ұстаным ортаға қойылған сайын ешкім айып етпесін, террормен күрес мүмкін емес. Алдымен террористтерге террорист деген сөзді айтып, кейін де оларға қарсы бірге күресу шарт» деді.



Ұқсас жаңалықтар