Ердоған мен Мадуро келісімге қол қойды

Ердоған мен Мадуро телеконференция арқылы екі ел арасындағы келісімге қол қойды.

973582
Ердоған мен Мадуро келісімге қол қойды

Ердоған мен Мадуро телеконференция арқылы екі ел арасындағы келісімге қол қойды.

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Венесуэла президенті Николас Мадуро телеконференция арқылы екі ел арасындағы келісімге қол қойды.

Режеп Тайып Ердоған президенттік сарайында телеконференция арқылы Венесуэла президенті Николас Мадуромен сөйлесті. Екі лидер екі арасындағы келісімге қол қойды.

Президент Ердоған «Венесуэламен 2016 жылы  83 миллион доллар деңгейінде жүзеге асырылған сауда көлемінің 2017 жылы  154 миллион долларға ұласуы болымды бір жаңалық.  2018 жылының алғашқы 3 айында болса, сауда көлеміміздің жарты миллиард доллардан өткеніне риза болдық. Бұл көрсеткіш осы жылдың аяғында 2 миллиард долларға жетеді» деді.

Ердоған кездесудегі сөзінде Венесуэлада 20 мамырда өткізілетін президенттік сайлаудың тыныш және бейбіт ортада болуын тіледі.

Сайлауда Мадуроға табыс тілеген Ердоған Түркияда 24 маусымда президенттік және депутаттық сайлаудың өткізілетінін еске салды.

Ердоған Мадуроның 13 желтоқсанда Стамбулда ұйымдастырылған Ислам ынтымақтастық ұйымы кезектен тыс саммитіне ерекше қонақ ретінде қатысқанына қатты риза болғанын білдірді. Ердоған Венесуэланың бүгін Стамбулда ұйымдастырылатын Ислам ынтымақтастық ұйымы кезектен тыс жиналысына қатысуының өзін тіпті де қуандырғанын атап өтті.

Венесуэла президенті Николас Мадуро болса сөзін Каракастан сүйіспеншілік және құрметін жеткізумен бастады.

Түркиямен үніме диалог ішінде болғанына риза болғанын мәлімдеген Мадуро екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың мықты қадаммен ілгерілегенін айтты.

Мадуро Орташығыста болған оқиғаларды қадағалап отырғанын білдіріп, «Әсіресе соңғы кезеңде Палестинада болғандар оқиғалар өте аянышты. Барша мұсылман елдеріне және Палестинаға қолдау жасаймын» деді.


Этикеттер: #Венесуэла , #Стамбул

Ұқсас жаңалықтар