Президент Ердоған шәйіт жанұяларымен ауызашар жасады

Ердоған: Палестинада үлкен бір адамзаттық қылмыспен бетпе-бет тұрмыз.

972929
Президент Ердоған шәйіт жанұяларымен ауызашар жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Газа секторындағы Израиль террорымен байланысты «Палестинада үлкен бір адамзаттық қылмыспен бетпе-бет тұрмыз» деді.

Ердоған ораза айының алғашқы ауызашар бағдарламасы аясында президенттік сарайда шәйіт жанұяларымен бас қосты.

Президент Палестинада жалғыз күнәсі мыңдаған жылдардан бері өмір сүріп келген топырақтың құқығын қорғау болған жазықсыз адамдардың үлкен бір адамзаттық қылмыспен бетпе-бет қалғанын атап көрсетті.

Ердоған дүйсенбі күні АҚШ-тың өкілетті елшілігін Тель-Авивден Иерусалимге көшіру кезінде шыққан оқиғаларда 63 адамның шәйіт болып, 3 мыңнан астам адамның жарақат алғанын мәлімдеді.

Израильдің хақ, құқық, әділет, адамгершілікті жоққа санап жасаған шабуылдары себепті жарты ғасырдан астам тыныштық таппаған палестиналықтардың тағы бір рет зұлымдыққа ұшырағанын атап айтқан Ердоған:

«АҚШ-тың өкілетті елшілігін БҰҰ және халықаралық мекемелердің шешімдерін елемей Иерусалимге көшіруі Израиль әкімшілігін асқындырды. Израиль әскерлері топырағын қорғаудан басқа мақсаты болмаған, ешқандай қаруға, қақтығысқа, зұлымдыққа бет бұрмаған жазықсыз палестиналықтарды, бала, мүгедек, қария, әйел демей қыруда. Әлемнің басқа жерінде болса барлық халықаралық мекемелер, бүкіл мемлекеттер көтерілетін бұл шабуылдар өкінішке орай Израиль тарапынан Палестиналықтарға жасалғаны себепті жауапсыз қалдырылуда. Түркияның бастамасы, Ислам жағрапиясында жазықсыз адамдардың жүректерге от түсіретін айқайы және кейбір ұжданы бар батыстықтардың наразылықтарынан басқа барша бұл трагедияға үнсіз қарап отыр» деді.

Ердоған Түркияның палестиналықтарға қолдау бергенін, бүкіл әлем көзін жұмса да, Израильдің зұлымдығына қарап отырмайтынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар