Ердоған Израиль қырғынын айыптады

Ердоған «Израиль мемлекеті қырғын жасауда. Израиль бір террор мемлекеті» деді.

970963
Ердоған Израиль қырғынын айыптады

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің палестиналықтарға жасаған зұлматын «Бұл бір қырғын. Осы аяусыз қырғынға үнсіз қалғандарға лағінет айтамын» деген сөздерімен түсіндірді.

Ресми сапармен Ұлыбританияға барған  Ердоған бұл жерде түрік студенттеріне үн қатты.

АҚШ-тың өкілетті елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру барысында көптеген палестиналықтардың Израиль әскерлері тарапынан шейіт етілуіне наразылық көрсеткен Ердоған «Израиль мемлекеті қырғын жасауда. Израиль бір террор мемлекеті» деп Түркияның палестиналық бауырларының қасында екенін түсіндірді.

Президент Ердоған «Бүгін Израиль террорына қарсы күрескен палестиналық шейіттеріміздің жатқан жері жаннат болсын. Жарақат алған палестиналық бауырларымызға тезірек  сауығып келулерін тілеймін» деді.

Ердоған Палестинада бүгін болған оқиғаларда мөлшері 2500 палестиналықтардың жарақат алғанын баяндады.

Президент Ердоған «Бұл адамдық трагедия. Осы қылмысты істеген Израиль мен АҚШ-ты айыптаймын. Осы оқиғаға үнсіз қалғандарға лағінет айтамын. Қазір Израиль террорлық қырғын жасауда. Израиль бір террор мемлекеті. Террор мемлекеті болғаны осы оқиға арқылы дәлелденді» деді.


Этикеттер: #Израиль , #Палестина

Ұқсас жаңалықтар