Президент 13 мамыр Аналар күні мерекесін құттықтады

Президент Ердоған аналардың хақын қайтара алмайтынымызды атап көрсетті.

969527
Президент 13 мамыр Аналар күні мерекесін құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған 13 мамыр аналар күніне орай құттықтау жариялады. 

Ердоған құттықтауында «Бізге алғашқы батаны берген, алғашқы қорғаған, мархабатты және мейірімділікті бізге үйреткен аналарымыздың Аналар күнін құттықтаймын. Аналар дүниеге келгенімізде шырылдағанымызды естіген күннен бастап, жанымызды бергенше біз үшін сенімді және тыныш бір үй, жылы бір ұя болып табылады. Ана баршаның сыры, сырласы, досы және серігі» деді.

Ердоған құттықтауында «Алғашқы қадамды басқан кезде арқамыздан ұстап, бізді тіршілікке дайындаған, жақсыға бағыттап жамандан қорғаған аналарымыз әр қашан бізбен. ‘Жұмақ - ананың аяғының астында деген’ сөздің бағытында басымызға тәж қылған аналарымыз, біз үшін құт-береке. Сүйіспеншілікті, құрметтеуді, мейірімділікті, ана-атаны сыйлауды өзіне мақсат еткен бір ұлтқа ешкім зиян келтіре алмайды. Бар өмірін жанұясына арнаған әрдайым ең үлкен құрметке лайық аналарымызды құттықтаймын. Дүниеден өткен аналарға да Алланың рақымшылығын тілеп еске аламын» деді.



Ұқсас жаңалықтар