Түркияның Палестина тақырыбындағы тұғыры айқын

Чавушоғлұ АҚШ-тың Израиль елшілігін Иерусалимге көшіру шешіміне тоқталды.

969256
Түркияның Палестина тақырыбындағы тұғыры айқын

Чавушоғлұ АҚШ-тың Израиль елшілігін Иерусалимге көшіру шешіміне тоқталды.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Палестина және Иерусалим тақырыбында барша үндемей қалса да Түркияның үнсіз қала алмайтынын айтты.

Чавушоғлұ араб журналисттерінің Стамбулдағы бас қосу бағдарламасына қатысып, баяндама жасады.

Министр Чавушоғлұ баяндамасында Америка Құрама Штаттарының Израиль елшілігін Иерусалимге көшіру шешіміне тоқталды.

Чавушоғлұ «АҚШ-тың бұл шешімі қате. Қате шешімге қарсы бірдей тұғыр көрсетуіміз керек. Соңғы кезеңде Ислам әлемі ішінде, әсіресе араб лигасының ішіндегі кейбір елдер осы тақырыпта екіұдай болуда. Тіпті кері қадам басуда. Америка Құрама Штаттарынан тартынған кейбір елдердің Палестина мәселесінде кері қадам басқанын байқаудамыз» деді.

Чавушоғлұ «Палестина және Иерусалим тақырыбында барша үндемей қалса да  Түркияның үнсіз қала алмайды» деді.


Этикеттер: #АҚШ , #Палестина

Ұқсас жаңалықтар