Операцияда екі террорист өлтірілді

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD/YPG мүшесі екі террорист өлтірілді.

968577
Операцияда екі террорист өлтірілді

Түрік Қарулы Күштері тарапынан ұйымдастырылған операцияда Мардиннің Нусабин ауданында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD/YPG мүшесі екі террорист өлтірілді.

Бас Штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Нусабинде шекарада міндет атқарған қауіпсіздік күштері тарапынан жасалған операциялар аясында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD/YPG мүшесі екі террорист өлтірілді.

Түрік Қарулы Күштері тарапынан Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағына да әуе операциясы жасалды.

Операцияда террористтер қолданған баспана, қорғаныс бекіністері, басқару штабы, қару және көліктер бомбаланды.



Ұқсас жаңалықтар