Министрлер Мәскеуде бас қосады

Түркия, Ресей және Иран Сыртқы істер министрлері Мәскеуде жиналады.

958867
Министрлер Мәскеуде бас қосады

Түркия, Ресей және Иран Сыртқы істер министрлері Мәскеуде жиналады.

ТР Сыртқы істер министрлігі Астана процесінің кепілгерлері – Түркия, Ресей және Иранның Сыртқы істер министрлерінің сенбі күні Ресейдің бас қаласында бас қосатынын хабарлады.

Хабарламаға қарағанда,  ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Иран Сыртқы істер министрі Джевад Зариф 28 сәуір күні Мәскеуде кездеседі.

Кездесуде Астана процесі аясында жүргізілген ынтымақтастық жан-жақты қолға алынады және бұдан кейін басылатын қадамдар талқыланады.

Астана процесі Сирия дағдарысының шешілуіне үлес қосу мақсатымен үш елдің бастамасымен 2017 жылдың қаңтар айында Қазақстанның елордасы Астанада басталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар