Түркия Нигериядағы террор шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Нигерияның Бенуе уәлаятында шіркеу шабуылының айыпталғаны атап көрсетілді.

958244
Түркия Нигериядағы террор шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде Нигерияның Бенуе уәлаятына қарасты Аяр-Мбалом (Ayar-Mbalom) аймағындағы бір шіркеуге жасалған террор шабуылында қаза тапқандардың қайғысын бөліскенін тілге тиек етті.

Мәлімдемеде «Бұл опасыз шабуылды айыптаймыз. Нигерия халқына және үкіметіне көңіл айтамыз» делінді.

Шабуылда 2 дін қызметкері, барлығы 15 адам қаза тапқаны білдірілген болатын. Аймақ кейде малшылар мен диқандар арасында қарқынды қақтығыстарға себеп болуда.

Соңғы рет уәлаятқа қарасты Гума аймағында 5 күн бұрын шыққан қақтығыстарда 10 адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар