Террор ұйымы басшыларының бірі тағы залалсыздандырылды

Террормен күрес операцияларында 6-16 сәуір күндері арасында залалсыздандырылған 16 террористтің куәлігі анықталды.

956578
Террор ұйымы басшыларының бірі тағы залалсыздандырылды

Террор тізімінде қызыл категорияда іздеу салынған PKK-лық террорист залалсыздандырылды.

6-16 сәуір күндерінде Ағры тауы аймағында жүргізілген және әуеден қолдау берілген операцияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі 16 террорист залалсыздандырылды. Біреуі тірі қолға түскен 16 террористің куәліктері анықталды.

Өлтірілген террористердің бірінің ұйымның басшылық кадрларында екені және Ішкі істер министрлігінің іздеу салынған террористтер тізімінде қызыл категорияда орын алғаны анықталды.

23 бөлек террор шабуылынан іздеу салынған террористің сондай-ақ Ағры, Ван, Ығдыр, Эрзурум, Диярбакыр, Бингөл, Карс, Битлис және Ардаханда көптеген террор шабуылдары жасағаны атап көрсетілді.

Ұйымның басшылық кадрларын залалсыздандыру арқылы террор құрылымына ауыр соққы енгізілді.



Ұқсас жаңалықтар