ТҰҰМ делегациясы Кельнде

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі делегациясы Германияның Кельн қаласына барды.

949892
ТҰҰМ делегациясы Кельнде

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі делегациясының Еуропадағы ислам дұшпандығын тексеру мақсатымен жүргізілген жұмыстары Германияның Кельн қаласында жалғасуда.

Делегация Берлиннен Кельнге барды. Еуропадағы ислам дұшпандығының себебі және шешім жолдарын тексерген комиссия мүшелері түрік азаматтық ұйымы өкілдерімен кездесті.

Делегация мүшелері Кельнде бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG жақтаушыларының шабуылына душар болған Эюп Сұлтан мешітін де аралады.

Комиссия төрағасы, Әділет және даму партиясы Адыяман депутаты Аднан Бойнукара мешітке жасалған шабуылдардың Германияның адам құқықтары түсінігінде мәселенің болғанын жарыққа шығарғанын айтты.

Бойнукара сонымен қатар Еуропа елдерінің өрбіген ислам дұшпандығымен күреспей, өз құндылықтарын жойғанын білдірді.


Этикеттер: #Германия , #Еуропа

Ұқсас жаңалықтар