Ердоған: ДАИШ-пен күресті тек қана Түркия шынайылықпен жүргізді

Президент Ердоған PYD-YPG-ге қолдау берген батыс елдеріне ескерту жасады.

949939
Ердоған: ДАИШ-пен күресті тек қана Түркия шынайылықпен жүргізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Анкара Каяш пойыз станциясындағы Башкентрайдың ашылу рәсіміне қатысты.

Осында айтқан сөзінде Ердоған Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ мүшелерін залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару үшін 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясына тоқталды.

«Сириядағы операцияларымыз Башар Асад режимінің қысымындағы миллиондаған адамды қауіпсіздікпен қамтамасыз етті» деген Ердоған «Сириядағы барша үшін қауіпсіздік қамтамасыз етілгенше сол жерде боламыз. ДАИШ-пен күресті тек қана Түркия шынайылықпен жүргізді. Барша әртүрлі мақсаттармен ДАИШ-ті пайдаланды. ДАИШ-пен күрес сылтауратылып, PYD сияқты қанды террор ұйымы аймаққа орналастырылды. Көптеген батыстық достардың жалаулары сол ұйымның танктерінде желбіреді. Бұдан құтыламыз деп ойлағандар  жаңылысады» деді.

Ердоған операция аясында қазірге дейін 4 мың 123 террористің залалсыздандырылғанын да атап көрсетті.

Сирияның солтүстігінде батыс елдерінің қолдауымен болмысын жалғастырған PKK/PYD-YPG-мен күрестің жалғасқанын атап көрсеткен Ердоған «Оларды бәрі бір жоямыз. Одақтас елдердің әскерлеріне қаруларымызды бағыттамаймыз. Бірақ одақтас елдердің әскерлерінің осылардың қасында ұзақ қалмауларын ұсынамыз. Сирияда баршаның маскаларын тастап, нағыз көріністерімен жүруін қалаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар