Бір әскер шейіт болды

Ел ішінде және тысында әскери операциялар жалғасуда.

948791
Бір әскер шейіт болды

Түркияның Битлис қаласында террорлық ұйым жолға төсеген жарылғыш салдарынан бір әскер шейіт болды.

Қалалық акиматтың хабарламасында,  жандармерия әскерінің жолға төселген қолдан жасалған жарылғыштың жарылуы салдарынан қаза тапқаны білдірілді.

Хабарламада сонымен бірге облыс көлемінде террористтермен күрестің табандылықпен жалғасқаны атап көрсетілді.

Сонымен қатар Шырнактың Джуди тауы маңында жалғасып жатқан әскери операцияда қауіпсіздік күштері мен террорлық ұйым PKK мүшелері арасында қақтығыс шығып, екі террорист залалсыздандырылды.

Бас штабтың деректеріне қарағанда,  операцияда 4 калашников мылтық, бір дана M-16 мылтық, 2 дана граната, 120 дана оқ-дәрі табылды.

Ирактың солтүстігінде жалғасып жатқан операцияларда болса 8 жарылғыш жойылды.



Ұқсас жаңалықтар