Афринді тапсырып беру уақытын Түркия белгілейді

Ердоған Афринді тапсырып беру уақытының Ресей сыртқы істер министрі емес, Түркияның белгілейтінін айтты.

948229
Афринді тапсырып беру уақытын Түркия белгілейді

Президент Режеп Тайып Ердоған Афринді тапсырып беру уақытының Ресей сыртқы істер министрі емес, Түркияның белгілейтінін айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында сөз сөйледі.

Ердоған баяндамасында Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясы тарапынан Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясы аясында 18 наурыз күні азат етілген аймақтың болашағымен байланысты мәлімдеме жасады.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Африн тұғырының қате екенін білдірген Ердоған «Афринді тапсырып беру уақытын Ресей сыртқы істер министрі емес, Түркия белгілейді» деген сөздер қолданды.

Сергей Лавров кеше жасаған мәлімдемесінде Ресейдің күткендерінің аймақтың Дамаск әкімшілігіне тапсырып беру болғанын айтқан болатын.

 


Этикеттер: #Ресей , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар