Ирактың солтүстігіндегі террор нысаналары жойылды

Операция барысында террор тізімінің 'жасыл' категориясында іздеу салған 2 террорист залалсыздандырылды.

946771
Ирактың солтүстігіндегі террор нысаналары жойылды

Ирактың солтүстігіндегі Хакурк, Синат-Хафтанин, Зап және Метина аймағына бағытталған әуе операциясында 12 нысана жойылды.

Түрік қарулы күштерінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Ирактың солтүстігі Хакурк, Синат-Хафтанин, Зап және Метина аймақтарында түрік жасақтарына шабуылға дайындалғаны анықталған бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшелеріне бағыттап әуе операциясы жасалды.

Әуе операциясында баспана, үңгірлер және қару бекіністері ретінде қолданылған 12 нысана жойылды.

Диярбакырда 4 сәуір күні террор ұйымы PKK-ға қарсы басталған және кеше аяқталған операциялар барысында іздеу салған террористтер тізімінде орын алған екі террорист залалсыздандырылды.

Операция барысында террористтер қолданған 7 үңгір мен 8 баспанаға қоса 3 қолдан жасалған жарылғыш жойылды.

Баспана және тегіс алаңда жерге көмген M-16 автоматы, 3 калашников автоматы, 356 оқ-дәрі, тапанша, 2 граната және террор ұйымымен байланысты құжат табылды.



Ұқсас жаңалықтар