"Түркия одақтастарының террористерді жаттықтыруын қаламайды"

Еуроодақ министрі Өмер Челик франциялық лауазымдылармен бас қосты.

945242
"Түркия одақтастарының террористерді жаттықтыруын қаламайды"

Еуроодақ министрі және бас келіссөз жүргізуші Өмер Челик ресми сапар аясында барған Францияның Париж қаласында француз әріптесі Натали Лойсеумен бас қосты.

Кездесуде Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығындағы соңғы жаңалықтар қолға алынды.

Франция президенті Эммануэль Макронның бір топ бөлшектеуші террор ұйымы PKK/PYD-YPG мүшесін қабылдауымен екі ел арасында шыққан дағдарыс та күн тәртіпке келді.

Челик кейін Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дрианмен бас қосты. Кездесуде Сирия тақырыбы қолға алынды.

Ле Дрианмен кездесуінің артынан баспасөз жиналысы өткізген Еуроодақ министрі Өмер Челик одақтас елдердің террор ұйымы PKK/PYD-YPG-ге қарсы ұстанымын сынға алды.

Кезкелген бір одақтас әскерінің террористерді жаттықтыруын көргісі келмегенін атап айтқан Челик одақтас ретінде қабылдаған Францияны Түрік қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ мүшелерін залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару үшін 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясы тақырыбында мәлімдеме жасағанда абайсыз Түркияны айыптаушы сөздер қолданбауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар