Орыс елші қастандығына байланысты бір кісі ұсталды

Анкарада жүргізілген тергеу аясында тағы бір кісі ұсталды.

945025
Орыс елші қастандығына байланысты бір кісі ұсталды

Ресейдің Түркия Республикасындағы бұрынғы өкілетті елшісі Андрей Карлов қастандығында жаңалық болды.

Информация технологиялары және коммуникация мекемесінің бұрынғы қызметкері қамауға алынды.

Қамауға алынған адамның елшіні қастандықпен өлтірген,  Фетуллахшы террор ұйымының мүшесі Мевлүт Мерт Алтынташқа осы ұйым ішінде жауапты болғаны анықталды.

 Осы тергеу аясында бірнеше күн бұрын арасында террорлық ұйым басшысы да бар 8 кісі жөнінде қолға түсіру үкімі берілген болатын.

Анкара Республика бас прокуратурасының тергеуінде 8 күдікті «Елдегі Атазаңдық жүйені жоюға тырысу» және «терроризм мақсатымен қасақана адам өлтірумен»  айыпталуда.

Орыс елші Карлов 2016 жылдың 19 желтоқсан күні өлтірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар