Президенттер баспасөз мәслихатын өткізді

Сирия тақырыбындағы үштік саммит аяқталды.

944529
Президенттер баспасөз мәслихатын өткізді

Сирия тақырыбындағы Түркия-Ресей-Иран үштік саммитінің екіншісі Анкарада болды.

Саммитке ТР президенті Ердоған, Ресей президенті Путин мен Иран президенті Рухани қатысты.

Саммиттен кейін үш басшы баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатында Ердоған: «Бүгін алдымыздағы кезеңге жарық түсіретін ақылдасу өткіздік және басылатын қадамдарды анықтадық» деді.  Сирияда қақтығысты бәсеңдету тақырыбында Түркия ретінде жауапкершіліктерді орындағандарын атап көрсеткен президент Идлибтегі сегінші бақылау пунктын салу арқылы осы тақырыптағы табандылықты көрсеткендерін білдірді.

Ердоған Сирияда территория тұтастығын қамдаудың террорлық ұйымдардың барлығымен бірдей қашықтықта болуға байланысты екенін,  бұған бүкіл әлемнің көңіл бөлуі керектігіне назар аударды.

Ердоған ДАИШ-ке қарсы ең ықпалды күресті жүргізген елдердің бірі ретінде Түркияның Зәйтүн бұтағы операциясы арқылы осындай күресті басқа бір террорлық ұйым YPG/PYD-ге қарсы жүргізгенін айтты.  «Біз тек қауіпсіздікті қамдап қана қоймаймыз, бақылауға алынған жерлерді сириялық бауырларымыз үшін өмір сүруге болатын жерге айналдырамыз» деді ол.

Ердоған: «Телль-Рыфат үшін орыс және ирандық достармен бірге жұмыстануға дайынбыз» деді.

Иран президенті Хасан Рухани де Сирияда төрт аймақта бітімнің қамдалуы және дағдарысты азайту тақырыбында Түркия, Иран және Ресейдің маңызды рол алғанын білдірді.  Ол Сирия халқының үмітінің артқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар