Түркияның Афринге жәрдемдері жалғасуда

ТҚК бір жағынан операция жүргізіп, енді бір жағынан жай халыққа гуманитарлық жәрдем беруде.

942223
Түркияның Афринге жәрдемдері жалғасуда

Түркияның Афринге жәрдемдері жалғасуда.

Түрік Қарулы Күштері мен Еркін Сирия армиясы тарапынан Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясы табандылықпен жалғасуда.

Енді бір жағынан жай халыққа жәрдемдері де жалғасуда.

Премьер-министрлік Апат және төтенше жағдай басқармасы топтары Афринге азық-түлік және тұрмыстық бұйымдар таратты.

Түрік Қарулы Күштері Твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде Апат және төтенше жағдай басқармасы топтары тарапынан Магаражык ауылында 108 отбасына,  Аранда ауылында 35 тобасына азық-түлік және тұрмыстық бұйымдар таратылғаны білдірілді.

 

 



Ұқсас жаңалықтар