Түркия Косовоға гуманитарлық жәрдем беруде

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Призрен және Мамушадағы халыққа гуманитарлық жәрдем таратты.

940345
Түркия Косовоға гуманитарлық жәрдем беруде

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы мен Косово түрік өкілдер делегациясы басқармасының ынтымақтастығымен Косовоның оңтүстік-батысындағы Призрен және Мамушадағы халыққа гуманитарлық жәрдем таратты.

Түркиядан 2 камазға толған жәрдем бұйымы Косовоға әкелінді. Киім-кешек, орындық, күнделікті тұрмыс бұйымдары, ойыншық және мың пакет мөлшермен 80 мың евролық жәрдемдер алдымен Косово Қызыл крест арқылы Призрен және Мамушадағы халыққа таратылды.

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы Косовоның көптеген қаласында жәрдемдерді жалғасты таратады.

 



Ұқсас жаңалықтар