Премьер-министр Бинали Йылдырым Сараевода

Премьер-министрді Сараевода Министрлер Кеңесі төрағасы Денис Звиздич тарапынан мемлекеттік рәсіммен қарсы алынды.

940365
Премьер-министр Бинали Йылдырым Сараевода

Премьер-министр Бинали Йылдырым Түркияның Таяу Шығыста террорға қарсы күресінің азаматтарының қауіпсіздігіне қоса, Балкан мен Еуроодақ елдеріне жаңа бір босқын ағынының алдын алғанын білдірді.

Ресми сапар аясында Босния-Герцеговинаға барған премьер-министр Йылдырым бас қала Сараевода Министрлер Кеңесі төрағасы Денис Звиздич тарапынан мемлекеттік рәсіммен қарсы алынды.

Рәсімнің артынан Звиздич пен Йылдырым оңаша кездесті.

Йылдырым кездесудің артынан ұйымдастырылған баспасөз жиналысында Балканның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізінде Еуропа мен Таяу Шығыстың қауіпсіздігі деген мағынаға келгенін атап көрсетті.

Осы себепті Балкандағы бейбітшіл орта және тұрақтылықтың бұзылмауы үшін барлық аймақ елдеріне үлкен жауапкершілік түскенін атап айтқан Йылдырым «Бұл аяда біз Босния-Герцеговинадан бастап, басқа елдермен достық қарым-қатынастығымызды жетілдіруге тырысамыз» деді.

Йылдырым Түркияның Таяу Шығыста Сирия мен Иракта террорға қарсы жүргізген күресінің тек қана ел мен азаматтарды қорғаумен шектелмегенін, сондай-ақ Балкан мен Еуроодақ елдеріне жаңа бір босқын ағыны және террор әрекеттерінің де алдын алғанына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар