"Ұмытылған балалар" деректі фильмі көрсетіледі

TRT World арнасы террористтер тарапынан алып қашырылған балалар жөнінде деректі фильм түсірді.

938521
"Ұмытылған балалар" деректі фильмі көрсетіледі

Бөлшектеуші террорлы ұйым PKK-дан қашқан балалар мен балалары алып қашырылған Ирактық отбасылар TRT World телеарнасының «Ұмытылған балалар» атты деректі фильміне хикаяларын баяндап берді.

«Ұмытылған балалар» деректі фильмінде террорлық ұйымның Солтүстік Иракта балаларды қалай алып қашырғаны,  балаларды қалай террорист қылғаны баяндалады.

Аталмыш деректі фильм жөнінде жарияланған хабарламада былай деп айтылды: «ДАИШ 2014 жылдың тамыз айында Ирактың солтүстігіндегі Синжар уәлаятын алғаннан кейін Еуропа елдері мен Америка Құрама Штаттары оппозициялық топтардан қолдауын үзіп, PKK террор ұйымымен бірге жұмыс істеу шешімін қабылдады.  Осы аймақтағы медианың арқасында террор ұйымы әлемде қаһарман және құтқарушы секілді көрсетілді.  Алайда соғыстың шын хикаясы бұлай емес.  Америка үкіметі 2017 жылы жариялаған Адам саудасы есебіне қарағанда,  осы кезеңде жүздеген бала алып қашырылған. Бұларды PKK террорлық ұйымы алып қашырған. Оларды қысқа уақытта әскери дайындықтан өткізіп, өлтіру және өлі үшін қан майданға жолдады.  Террористік ұйым балалардан террорист жетілдіру үшін Солтүстік Ирактағы босқын лагерьлері және Сирияның солтүстігі мен Түркиядағы отбасылардың көзі алдында балалып алып кетті».

Деректі фильмде террорлық ұйым тарапынан Түркия,  Сирия және Иракта жанкешті лаңкестіктер ұйымдастыру үшін қалай дайындықтан өткендерін айтып берген 11 жасар екі қыздың да әңгімесі орын алады.

Екі бөлімнен тұратын деректі фильмнің бірінші бөлімі 28 наурыз күні TRT World телеарнасында көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар