Оңтүстік Судан қызметкерлеріне семинар берілді

ТИКА мен TRT бірігіп семинар өткізді.

928641
Оңтүстік Судан қызметкерлеріне семинар берілді

Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА мен Түркия радио-теледидар корпорациясы TRT  бірігіп,  Оңтүстік Судан Радио және теледидар бас дирекциясының қызметкерлері мен Президенттік Медиа командасын оқу семинарынан өткізді.

 Оқу семинары жөнінде ТИКА хабарлама жариялады. Хабарламаға қарағанда басқарманың көмегімен TRT Оңтүстік Судан Радио және теледидар мекемесі және Президенттік медиа қызметкерлеріне Анкарада бір апталық білім берді.

TRT мамандары 12 адамдық делегацияға камера қолдану,  жарық,  дыбыс, монтаж, хабар жазу әдістері және теледидар бағдарламасы тақырыбында 25 сағаттық семинар өткізді.

Қонақтарға сертификаттарын Оңтүстік Суданның Түркиядағы өкілетті және төтенше елшісі табыс етті.



Ұқсас жаңалықтар