Залалсыздандырылған содыр саны 3 мың 347-ге ұласты

Сирияның Африн аймағында PYD/YPG/PKK/KCK және ДАИШ террор ұйымдарына бағытталған Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда.

927835
Залалсыздандырылған содыр саны 3 мың 347-ге ұласты

Түрік қарулы күштері тарапынан Сирияның Африн аймағында жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған содыр саны 3 мың 347-ге ұласты.

Бас штаб басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда, шекара мен аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, Сирияның солтүстік батысындағы Афринде террор ұйымдары PYD/YPG/PKK/KCK және ДАИШ мүшелерін залалсыздандыру, дос және бауырлас халықты террористердің қысымынан құтқару мақсатты 20 қаңтар күні басталған операция жалғасуда.

Мәлімдемеде операцияның 20 қаңтар күні бастап, қазірге дейін залалсыздандырылған содыр санының 3 мың 347-ге ұласқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар