Сирия комитетінің жиналысы басталды

Түркия мен АҚШ арасында техникалық комитет жиналысы басталды.

925990
Сирия комитетінің жиналысы басталды

Түркия-Америка Құрама Штаттары қарым-қатынастарындағы проблемаларға шешім іздестіретін техникалық комитеттердің бірінің алғашқы жиналысы кеше Вашингтонда басталды.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатщысы Хеатер Науерт түрік және американдық лауазым иелері арасындағы алғашқы жиналыста Түрік Қарулы күштерінің Сирияның Африн аймағындағы операциясы секілді көптеген тақырыптың қолға алынғанын білдірді.

Науерт министрліктегі баспасөз брифингінде Түркия мен АҚШ арасында құрылған үш техникалық комитеттің бірі Сирия комитетінің Вашингтонда жұмысын бастағанын айтты.

20 адамнан тұратын АҚШ делегациясын Сыртқы істер министрлігі Еуропа Еуразияға жауапты кеңесші Уесс Митчель басқарып отыр.  Түрік делегациясының басында Сыртқы істер министрлігі кеңесшісінің орынбасары Седат Өнал бар.



Ұқсас жаңалықтар