Ердоған Руханиге телефон шалды

Ердоған Иран президенті Хасан Руханимен телефонда сөйлесті.

925033
Ердоған Руханиге телефон шалды

Президент Режеп Тайып Ердоған Иран президенті Хасан Руханимен телефонда сөйлесті.

Телефондағы әңгімелерінде негізінен Шығыс Гута және Сириядағы соңғы оқиғалар қолға алынды.

Ердоған мен Рухани Шығыс Гутадағы трагедияның доғарылуы үшін атысты тоқтату шешімінің атқарылуы тақырыбындағы жұмыстардың тездетілуі жөнінде бірдей көзқараста болды.

Президент Ердоған кеше кеште де Ресей президенті Владимир Путинмен де телефон арқылы сөйлесті.

Екі лидер телефондағы әңгімелерінде Шығыс Гутада болған адамдық трагедия және Сириядағы соңғы оқиғаларды талқылады.

Президент Ердоған сонымен бірге Африндегі әскери әрекет жөнінде мәлімет берді.

Екі басшы Түркия, Ресей және Иранның Стамбулда өтетін үштік саммитіне дайындықтар жөнінде де пікір алмасты.


Этикеттер: #Иран , #Ресей , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар