Ердоған Макронмен телефонда сөйлесті

Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен кеше кеште телефонда сөйлесті.

922622
Ердоған Макронмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен кеше кеште телефонда сөйлесті.

Президенттік қайнар көздерден алынған мағлұматқа қарағанда телефондағы әңгімелерінде екі лидер Сирия тақырыбында пікір алмасты.

Телефондағы әңгімелерінде президент Ердоғанның соңғы Африка сапары және Сирияның Шығыс Гута аймағындағы адамдық трагедия қолға алынды.

Президент Ердоған телефондағы әңгімесінде Сирия тақырыбында Түркия, Ресей және Иранның келесі ай басында Стамбулда лидерлер деңгейінде өткізілетін үштік саммитке тоқталды. Сонымен қатар Ердоған қаңтар айындағы Сочи конгресінде шешім жасалған Атазаң комитетінің құрылуының Женева процесінің жандануына үлес қосатынына назар аударды.

Екі лидер телефондағы әңгімелерінде Сирия тақырыбында өзара диалогтың жалғасуының маңызын атап өтті. Ердоған  Сирияның Африн аймағында террор ұйымдарына қарсы жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясының мақсатының  Түркияның ұлттық мүддесіне төнген қауіпті доғару және аймақ халқының тыныштығына үлес қосу екенін түсіндірді.

 

 


Этикеттер: #Франция , #Африка , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар