Залалсыздандырылған террорист саны 2434-ке ұласты

Зәйтүн бұтағы операциясында өлтірілген террорист саны 2434-ке жетті.

921905
Залалсыздандырылған террорист саны 2434-ке ұласты

Зәйтүн бұтағы операциясында өлтірілген террорист саны 2434-ке жетті.

Түрік Қарулы Күштері тарапынан Сирияның Африн аймағында жүргізілген Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған террорист саны 2434-ке ұласты.

Бас Штаб басқармасы жасаған мәлімдемеде Зәйтүн бұтағы операциясы аясында бүгін жасалған әуе және құрлық операциялары нәтижесінде бөлшектеуші террор ұйымдары PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ мүшесі тағы 139 террористтің залалсыздандырылғаны білдірілді.

Бас Штаб басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда шекара мен аймақта қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау, Сирияның Африн аймағында PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-тік террористерді залалсыздандыру, дос және бауырлас аймақ халқын қысым мен зұлматтан құтқару мақсатымен 20 қаңтар күні басталған Зәйтүн бұтағы операциясы жалғасуда.

 



Ұқсас жаңалықтар