Түркия-АҚШ қарым-қатынастары талқыланды

Вашингтонда ұйымдастырылған бір сессияда Түркия-АҚШ қарым-қатынастары талқыланды.

921475
Түркия-АҚШ қарым-қатынастары талқыланды

Вашингтонда ұйымдастырылған бір сессияда Түркия-АҚШ қарым-қатынастары талқыланды.

АҚШ-та орталығы Вашингтонда болған Саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қоры Вашингтон офисі тарапынан «Солтүстік Сирияда АҚШ-Түркия келіспеушілігі» атты сессия  ұйымдастырылды. Сессияға АҚШ Сыртқы істер министрлігінен Ричард Оузн , Ұлттық Қорғаныс Университетінен Денис Натали және Саясат, экономика және әлеуметтік зерттеу қоры директоры Кылыч Бугра Канат баяндамашы ретінде қатысты.

Кылыч Бугра Канат баяндамасында АҚШ пен Түркия арасындағы кірбеңдіктің қалай оңалуы жөнінде әлі толық ойланбағанын, алайда қарым-қатынастардың қалыпқа түсуінің стратегиялық маңызға ие екеніне назар аударды.

Канат қарым-қатынастардың оңалуы үшін басылатын ең кішкене қадамның өзі байланыстың жақсаруына үлес қосатынын білдірді.

Канат «АҚШ әсіресе PYD мен YPG тақырыбында бір қадам басуы керек. АҚШ Түркияға берген уәделерін орындауы шарт. Осы түйінде Манбиджтен бастап, АҚШ-тың басатын кішкене қадамның өзін екі ел қарым-қатынастарына маңызды үлес қосады» деді.


Этикеттер: #АҚШ , #Сирия , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар