Залалсыздандырылған содыр саны 2 мың 222-ге ұласты

Зәйтүн бұтағы жалғасып жатқанда Бас штаб басқармасы мәлімдеме жасады.

920742
Залалсыздандырылған содыр саны 2 мың 222-ге ұласты

Түрік қарулы күштері тарапынан Сирияның Африн аймағында жалғасқан Зәйтүн бұтағы операциясында залалсыздандырылған содыр саны 2 мың 222-ге ұласты.

Бас штаб басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда Зәйтүн бұтағы операциясы аясында бүгінгі құрлық пен әуе операциялары нәтижесінде террор ұйымдары PKK/KCK/PYD-YPG және ДАИШ-ке мүше тағы 38 террорист өлтірілді.

Мәлімдемеде операция басталған 20 қаңтар күнінен бастап залалсыздандырылған содыр санының 2 мың 222-ге ұласқаны білдірілді.

Түрік қарулы күштері мен Еркін Сирия армиясы Африннің солтүстік батысындағы Раджу ауданына қарасты Шейх Мехметли ауылын содырлардан тазалады.

Осылайша Түрік қарулы күштері қолдау берген Еркін Сирия армиясы күштері операция басталған 20 қаңтар күнінен бастап Афринде біреуі аудан орталығы, 88 ауыл, 6 ауыл маңы тұрғын аймағы, 20-сі стратегиялық тау мен төбе және біреуі YPG/PKK-ның базасы барлығы 116 жерді азат етті.



Ұқсас жаңалықтар