Мавритания сапарын аяқтаған Ердоған Сенегалға өтті

«Иерусалим тақырыбында тұғырымызды өзгертпейміз».

920488
Мавритания сапарын аяқтаған Ердоған Сенегалға өтті
erdogan moritanya.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған «Иерусалим тақырыбында тұғырымызды өзгертпейміз» деді.

Президент Ердоған ресми сапармен барған Мавритания президенттік сарайында әріптесі Мұхаммед Велед Абдүлазиздің өзі үшін берген қонақасыға қатысты. Кейін Ердоған Батыс Африка турының үшінші аялдамасы Сенегал сапары алдында Новакшот әуежайында Абдүлазизмен ортақ баспасөз жиналысы ұйымдастырды.

Түркия мен Мавритания арасында екі жақты табыс ережесіне сүйенген бір ортақтықтың құрылатынына назар аударған Ердоған әсіресе де түрік жекеменшік саласының инвестицияларын арттыру үшін ынталандырғандарын атап көрсетті.

Ердоған желтоқсан айында Экономика министрі Нихат Зейбекчидің түрік іскерлерімен Мавританияға сапарлай келгенін еске салып, түрік іскерлер мен Мавританиялық іскерлердің арнайы жиналыс өткізгенін атап көрсетті.

Соңғы кездері әсіресе балықшылық саласында жандану байқалғанын атап айтқан президент Ердоған «Қазір 40-тан астам балықшы қайығымыз Мавритания су айдынында балық аулайды. Мавританияның кеншілік саласында маңызды бір резерв күшіне ие екенін білемін. Біздің де Түркия ретінде бұл салада маңызды тәжірибелеріміз бар. Құдай қаласа осылардың барлығын Мавританиялық бауырларымыздың қызметіне ұсынбақпыз. Алдағы уақытта Аралас экономикалық комиссия жиналысының алғашқысын ұйымдастырамыз. Қазір екі ел арасында туризмнен егіншілікке, экономикадан кеншілікке дейін әртүрлі салаларда келісімдер мен хаттамаларға қол қойылды. Бұл келісімдер қазіргі қарым-қатынасымызға ерекше күш қосатын болады» деді.

Иерусалим тақырыбына назар аударған президент Ердоған бұл қаланың сондай-ақ христиан әлемі үшін де маңызды екенін еске салды.

Президент Ердоған «АҚШ-тың Иерусалимді өзіне өкілетті елшілік ретінде жариялауы бізді қызықтырмайды. Иерусалим тақырыбында тұғырымызды өзгертпейміз. Иерусалим Палестинаның бас қаласы. Мұны алдында да жариялаған болатынбыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар