"Біздің Африкадағы ең ірі сауда серігіміз – Алжир"

Президент Аджирде бизнес форумға қатысты.

919679
"Біздің Африкадағы ең ірі сауда серігіміз – Алжир"

Президент Режеп Тайып Ердоған «Алжирді өңірінде саяси және экономикалық тұрақтылық аралы ретінде қабылдаймыз.  Біздің Африкадағы ең ірі сауда серігіміз – Алжир» деді.

Мемлекеттік сапармен Алжирде жүрген Ердоған Алжир премьер-министрі Ахмед Уяхьямен бірге «Түркия-Алжир Бизнес форумына» қатысты.

Ердоған осында сөйлеген сөзінде Түркияның қолындағы мүмкіндіктерін достарымен бөлісуге дайын екенін айтты.  «Бізге бір қадам жақындағандарға біз жүгіріп баратынымызды барлық достарымыз жақсы біледі. Мына форумға 200-ге тарта іскермен келуіміз осы ықылас пен  қызығушылығымызды көрсетеді. Сіздер де 600-ге тарта іскермен келіп отырсыздар. Бұл Түркия мен Алжирдің ұйымшылдығы ретінде тарихқа жазылып қалады» деді ол.

Президент Ердоған сөздерін былай жалғастырды: «Біз Алжирді өңірінде саяси және экономикалық тұрақтылық аралы ретінде қабылдаймыз.  Африкадағы ең ірі сауда серігіміз – Алжир.  Қазіргі 3,5 миллиард долларлық сауда айналымы жеткілікті деп ойламаймын.  Мұны ең болмағанда 5 миллиард долларға жеткізуіміз керек»



Ұқсас жаңалықтар